20
October
2022
Лицейішілік "Лига - 2022"
20 қазан күні дене шынықтыру пәні кафедрасының ұйымдастыруымен Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №549 бұйрығына, Алматы облыстық білім басқармасының 2021 жылғы 01 қазандағы мектеп лигаларын құру, мектеп лигалары арасында спорттық шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы ережесі мен Іле аудандық білім бөлімінің 2022 жылғы 08 қыркүйектегі №396-б н/қ бұйрығына сәйкес оқушыларды дене шынықтырумен тұрақты шұғылдануға, спорт түрлеріне тартуға, командалық спорттық ойындарының деңгейін көтеру, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға оқушыларды анықтау мақсатында лицейішілік "Лига - 2022" іс- шарасының ашылу салтанаты өтті. Бұл шараға лицей директоры Г.Ж.Ерубаева және әкімшілік мүшелері қатысты. Салтанатты шара оқушылардың "Бес асық", "Асық ату", "Үстел теннисі", "Шахмат", "Мен - чемпион" жарыстарымен жалғасын тапты.