25
November
2022
"Голоса нации..." тақырыбындағы орыс тілі мен әдебиеті пәндері кафедрасының онкүндігі
Ағымдағы жылдың 14-24 қарашасы аралығында "Орыс тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда оқушылардың сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету. Бабаларымыздың, ақындарымыздың тіл туралы айтқан ұлағатты сөздерін, өлеңдерін насихаттау, оқушының мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру, тілді құрметтеу, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу" мақсатында "Халық үні" тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәндері кафедрасының әдістемелік онкүндігі өткізілді. Әдістемелік онкүндікте ұстаздарымыз жоспарға сәйкес түрлі іс- шаралар өткізіп, әріптестері мен шәкірттерінің шығармашылығын шыңдай түсті. Лицей әдіскері А.М.Асылбекова