20
January
2023
"Best жыл мұғалімі - 2023" педагогтердің кәсіби байқауы
Ағымдағы жылдың 20 қаңтары күні лицей әдіскері Айман Мәуленқызының ұйымдастыруымен шығармашылықпен жұмыс жасайтын, ой-өрісі биік, пайым- парасаты мол, өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау мақсатында лицейішілік "Best жыл мұғалімі - 2023" педагогтардың кәсіби байқауы өткізілді. Үш кезеңді қамтыған сайыста ұстаздарымыз өздерінің оқытатын пәндері бойынша кәсіби жетістіктерін ұсынса, "Менің инновациялық педагогтік тәжірибем" айдарында кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің таныстырылымын көрсетті. Сонымен қатар, "Сабағым – кәсіби тұжырымымның айнасы" айдары бойынша қысқа мерзімді жоспарына әдіс- тәсілдерді таңдай отырып, тиімділігін қорғады және өзі ұсынған бір әдісті жарнамалады. Байқау нәтижесінде математика пәнінің мұғалімі Т.А.Шаграев - Бас жүлдені, бастауыш сынып мұғалімі А.С.Ескулова - І орынды, тарих пәнінің мұғалімі Э.М.Абилбекова - ІІ орынды, химия пәнінің мұғалімі А.Б.Сатыханова - ІІІ орынды иеленді. Қалған ұстаздарымыз "Креативті педагог", "Жаңашыл педагог", "Ізденімпаз педагог", "Шығармашыл педагог" номинацияларымен марапатталып, байқауға қатысқан барлық ұстаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды.





