01
февраль
2023
Ұлтымыздың мәртебелі мақтанышы
1 ақпан күні Дене шынықтыру және АӘТД пәндері кафедрасы онкүндігінің іс- шара жоспары негізінде өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын дәріптеу, ұлтымыздың мәртебелі мақтанышына айналған азаматтарына қарап бой түзеуіне ұйытқы болу мақсатында 2018 жылгы Азия пара ойындарының қола медаль иегері, 2019 жылғы Ubsa Дүниежүзілік ойындарының 2- орын иегері, Азия Паралимпиадалық чемпионатының чемпионы, Іле ауданының түлегі Дәулет Теміржан Серікұлымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында спорт жайындағы сырлы сұхбат, пікір алмасу мен жетістікке жетудегі табандылық қасиеттер оқушыларымыздың жігерін шыңдай түсті. Теміржан Серікұлына алғысымызды білдіре отырып, толағай табыстар тілейміз!





