О нас » Страница 19 » №24 ОРТА МЕКТЕП
Алматинская область
Коммунальное государственное учреждение
"Лицей №24"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Страница 19
5-6- сынып  оқушылары  арасында жалпы  білім  беретін  пәндер  бойынша республикалық  олимпиадасының  облыстық  кезеңі өтті
07
декабрь
2021
5-6- сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер
     7 желтоқсан күні 5-6-сынып  оқушылары  арасында  жалпы білім  беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың аудандық кезеңінен оза шапқан аудан мектептерінің 16 жүлдегер оқушылары облыстық кезеңге қатысты. Математика  пәні бойынша біздің лицейден 6-сынып оқушысы Қуанышбек Гүлназ қатысты. Жетекшісі математика  пәнінің  мұғалімі  Ширкитбаева Айымторы Абдухалыковна. Сәттілік  тілейміз! 
"Тәуелсіздік  жастары - мәңгілік  ел  тұғыры" тақырыбындағы  аудандық  конференция
02
декабрь
2021
"Тәуелсіздік жастары - мәңгілік ел тұғыры" тақырыбындағы аудандық
      2 желтоқсан күні лицейімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы мен 1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесіне орайластырылған «ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАСТАРЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛ ТҰҒЫРЫ» тақырыбында конференция өтті. Іле аудандық  білім  беруді  дамыту оқу- әдістемелік  орталығының ұйымдастыруымен өткізілген аталмыш іс-шараға аудан мектептерінде қызмет жасап жүрген Тәуелсіздік құрдастары - 30 жастағы жастар қатысты. Конференцияда ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
Жалпы  білім  беретін  пәндер бойынша  5-6- сыныптарға  арналған республикалық  олипиаданың  аудандық  кезеңі  өтті
26
ноябрь
2021
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6- сыныптарға арналған
          Ағымдағы  жылдың  26  қарашасы  күні  №24 лицейде  жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сыныптарға арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Олимпиадаға  округ  бойынша Лицей №24ден, №7 орта  мектептен, №38 мектеп- гимназиясынан, №13 орта мектебінен,  барлығы 51 оқушы қатысты. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз.
"Birge  oqy"  Елбасы  Академиясының  онлайн  мектебі
25
ноябрь
2021
"Birge oqy" Елбасы Академиясының онлайн мектебі
     2021 жылдың қазан айында Елбасы Академиясы "Birge oqy" онлайн мектебінде белсенділік танытқаны үшін Лицей №24дің 7д-сынып оқушысы Марат Малика Алғыс хат пен телефон қуаттаушы сыйлығына ие болды! Оқушымызды құттықтай отырып, оқуға деген құлшынысың арта берсін демекпіз!
"Мөлдір  бұлақ"  журналының  оқырмандары
22
октябрь
2021
"Мөлдір бұлақ" журналының оқырмандары
         Біздің лицейіміздің оқушылары ай сайын шығатын жас зиялыларға арналған әдеби-көркем, танымдық журнал «Мөлдір бұлақтың» тұрақты оқырмандары. Қазақстан Республикасына кеңінен  тараған, сапалы  әрі  тың мағлұматқа толы танымдық  басылымды біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз үзбей оқиды. Балаларды алғыр, жан-жақты етіп тәрбиелеуге, бос уақыттарын пайдалы етіп өткізуге көмектесіп жүрген «Мөлдір бұлақ» журналына алғысымызды білдіреміз!
Республикалық  "Тәуелсіздік - мәңгілік  елдің  тұғыры" байқауының  жеңімпаздары
06
октябрь
2021
Республикалық "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" байқауының
          27.09- 04.10. күндері аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай қашықтықтан өткізілген "Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры" атты республикалық байқауға  Лицей №24дің  4"В" сынып оқушылары қатысып, "Кемел" өнер- білім орталығы тарапынан І, ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жетекшісі  бастауыш  сынып  мұғалімі Дияс Жанар Ермекқызы
Облыстық "Ұлы  өнертапқыштыққа  алғашқы  қадам" инновациялық идеялар байқауының  жеңімпаздары
27
сентябрь
2021
Облыстық "Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" инновациялық идеялар
     2021  жылдың  27 қыркүйек күні робототехникадан өткен «Ұлы  өнертапқыштыққа  алғашқы  қадам» тақырыбындағы инновациялық идеялардың облыстық байқауында оқушыларымыз Баубек Ахмет пен Тұрдақын Дінмұхамед «Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша «Қоқыс жәшігі» жұмысымен ерекшеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі  информатика пәнінің мұғалімі Әбіл Жәнібек Ералыұлы. Республикалық кезеңге жолдама алған оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
ІІ  Республикалық  "Мен - дарынды  баламын"  байқауының  жеңімпаздары
22
сентябрь
2021
ІІ Республикалық "Мен - дарынды баламын" байқауының жеңімпаздары
     13.09. - 20.09. күндері аралығында оқушылар  арасында онлайн форматта өткізілген ll Республикалық "Мен - дарынды баламын" байқауында  Лицей №24дің 2 "И", 4 "Д" сынып оқушылары қатысып, "Өрлеу Қазақстан" қоғамдық қоры тарапынан І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жетекшісһлері: Арепбаева Алия Курмангалиевна, Әмзеева  Әйгерім  Мансұрханқызы. 
Құттықтаймыз!!!
13
март
2021
Құттықтаймыз!!!
     Бүгін Алматинская область, Іле ауданы, Н.Тілендиев ауылындағы №26 орта мектебінде 6 бағытта өткен аудандық "Абай оқулары" байқауында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағыты бойынша лицейіміздің  11- в сынып оқушысы Мәлікақын Дамир жүлделі І орынды жеңіп алып, облысқа жолдама алды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Курбанбаева Бахтыгуль Хабитовна. Құттықтаймыз!!! 13.03.2021ж. 
Еліміздің бас ұстазы лицейімізде!
12
март
2021
Еліміздің бас ұстазы лицейімізде!
    Бүгін - ерекше күн! Бүгін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  министрі Асхат Қанатұлы  Аймағамбетов өзінің жұмыс сапары барысында Алматинская областьна келіп, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында орналасқан біздің Лицей №24дің тыныс- тіршілігімен танысып, шәкірттерімізбен жүздесіп, ұстаздармен кездесті. Еліміздің  бас  ұстазының  дәл біздің білім ордамызға келуі біз үшін зор мәртебе, баға жетпес бақ, ұстаздарымыз бен шәкіртеріміз үшін үлкен мотивация болды.     "Білім - адам баласының ортақ