17
May
2023
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Almaty region, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы №24 lyceumде 69 түлек заманауи талаптарға сай білім алып, қабілет- қарымын шыңдап, биылғы 2022-2023 оқу жылында қанат қағып, өмір аламанына қосылғалы отыр. Бәрінің де армандары асқақ, үміттері басым, сенімдері мол! Бұған дәлел: лицейіміздің алғыр да зерек үш оқушысы Иса Сағыныш 7 балл, Тұрсынәліқызы Аружан 6,5 балл, Тұрсынәліқызы Ару 6 балл көрсеткішпен халықаралық IELTS емтиханын тапсырды және қуанышты жаңалықтар жалғасын тауып, лицей мақтанышы Иса Сағыныш Назарбаев университетінің грант иегері атанды. Түлектеріміздің бәріне сәттілік жұғысты болып, арман-мұраттарына жетіп, грант иегері атанады деп сенеміз!