04
февраль
2022
Рухани кездесу
Бүгін лицейімізде жас мамандардың ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ҚР The presidentі Күзет қызметінің бастығы, Республикалық "Ұлан" гвардиясының қолбасшысы, ҚР Қорғаныс министрі, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі, ҚР The presidentінің кеңесшісі, ҚР Парламентінің депутаты болып Отанына шексіз қызмет еткен Сәт Тоқпақбаев ағамыз бен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық және республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері, Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер Одағының және Халықаралық жазушы әйелдер гильдиясының мүшесі, қазақ еліне танымал 30-ға жуық кітаптың авторы, 2020 жылы Халықаралық «АЛАШ» әдеби сыйлығының иегері атанған ақын, жазушы, журналист Сәуле Мағазбекқызы Досжанмен кездесу өткізілді. Кездесуде шәкірттеріміз ел игілігі жолында қалтқысыз қызмет еткен адал жандардың өнегелі өмір жолдарымен танысып, жасаған жұмыстары жайында сұхбаттасып, рухани азық алды. Ел үшін жасаған қызметтің зейнетін көріп, өскелең ұрпаққа көрсеткен өнегелі тәрбиелеріңіз жемісін берсін деп тілейміз. 04.02.2022ж.