"Мамандығым - мақтанышым" бағыт- бағдар кездесуі » №24 ОРТА МЕКТЕП
Almaty region
Municipal public institution
"№24 lyceum"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » » "Мамандығым - мақтанышым" бағыт- бағдар кездесуі
03
March
2022

"Мамандығым - мақтанышым" бағыт- бағдар кездесуі

     Бүгін лицей директоры Гүлжан  Жұбайқызының бастамасымен оқушыларға дұрыс бағыт- бағдар беру, мамандық таңдаудағы басты міндет пен оның маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Мамандығым - мақтанышым» такырыбында жас кәсіпкерлер және өз ісінің нағыз мамандары, елі үшін қызмет жасап жүрген азаматтарымыз: әлемдік деңгейдегі аспаз, кондитер, кәсіпкер Азамат Абдиев Маратұлы мен белгілі Джиу- джитсудан спорт шебері, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы "Sagadat Batyr - QTТ" спорт клубының негізін қалаушы Орынбасаров Нұрсұлтан Жұмабайұлымен кездесу өткізілді. Кездесу өте жоғары деңгейде өтті, келген қонақтарымыз оқушыларға мамандықты сүюдің қаншалықты маңызды және елімізге берер пайдасы туралы ақыл-кеңестерімен бөлісті. Азамат Маратұлы өз мамандығының қыр-сыры мен жетістікке жету жолын баяндаса, Нұрсұлтан Жұмабайұлы спорт жайында  маңызды ақпараттарымен бөлісті. Сұхбаттаса отырып,  оқушыларымыз да  көкейіндегі  сұрақтарды қойып, тұшымды жауаптарын  алды. Кездесу қонақтары қай салада болмасын, қандай мамандық иесі болсын өз ісінің шебері, өз еліне тамшыдай болса да пайдасы тиетін іспен шұғылдану -  адаспай таңдалған, нағыз маманның ісі екенін айқындап берді. Бұл кездесу біздің шәкірттерімізге үлкен мотивация болды. Өз ойларымен, жетістікке жетудегі еңбектерімен бөліскен Нұрсұлтан Жұмабайұлы мен Азамат  Маратұлына үлкен алғысымызды білдіреміз. 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив