Әдеби- танымдық кездесу » №24 ОРТА МЕКТЕП
Almaty region
Municipal public institution
"№24 lyceum"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » Әдеби- танымдық кездесу
28
October
2022

Әдеби- танымдық кездесу

 28 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәндері кафедрасының "Ахмет Байтұрсынұлы-ұлттың ұлы ұстазы" тақырыбында өткен онкүндігін қорытындылау аясында  әдеби-танымдық кездесу кеші өткізілді. Бұл кездесу кешінде қазіргі қазақ зиялылары - Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен "Алматы" телеарнасы ұйымдастырған жыр мүшайраларының жүлдегері, Түркияның Елазық қаласында өткен түркі мемлекеттерінің халықаралық "Һазар чиір акшамлары" фестивалінің дипломаты, Қырғыздың "Молда Бағыш" атындағы әдеби және халықаралық "Ильһам" сыйлығының, Түріксойдың "Мақтұмқұлы Фраки" медальінің иегері,  оқушыларымыз сүйіп оқитын республикалық "Мөлдір бұлақ" журналының бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы мен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты, "Сары гүл", "Жүректегі ағыстар", "Көңіл көктемі", "Ертегісіз өткен балалық", "Тастамашы ана" кітаптарының авторы, "Кітап ал" дүкеніндегі "Алтын сақа" баспасының бас редакторы, ақын Саят Қамшыгер ағаларымыз қонақ болды. Лицей директоры Гүлжан Жұбайқызы кездесу кешін ашып, алғысөзін арнап, сәттілік тіледі.
 Үш бөлімнен тұрған танымдық кездесу кешінің І бөлімі Ахмет Байтұрсынұлына арналып, лицей оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары ұлт ұстазы туралы ұлы тұлғалардың ұлағатты пікірлерін айтып, өлеңдерін жатқа оқып, ақынның өмір жолына шолу жасаса, ІІ бөлімі кеш қонақтарымен "Сырлы сұхбат" айдарына арналып, ел ағаларының балалық шағы, өмірі мен еңбек жолдары және оқушылар өздері оқып жүрген шығармаларын талдап, кітап авторларына қойған көкейдегі сауалдарына тұшымды жауаптар алып, емен- жарқын ой- пікірге ұласты. Ал, соңғы ІІІ бөлімде онкүндікте үздік сабақ көрсетіп, тәжірибелерімен бөліскен ұстаздар мен белсенділік танытқан оқушыларға Алғыс хат пен Мақтау қағаздары табысталды. 
 Кеш барысында Дәулетбек Байтұрсынұлы оқушыларға "Мөлдір бұлақ" журналын, Саят Қамшыгер өз шығармашылығынан өлеңдер оқып, қолтаңбасын беріп, кітаптарын тарту етті. Ғибратқа толы әсерлі кездесу оқушыларымызға ұмытылмас естелік пен мәнді мотивация қалдырды. Қонақтарымыздың шығармашылығына толағай табыстар тілей отырып, шексіз алғысымызды білдіреміз.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив