ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! » №24 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№24 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
10
апрель
2023

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

   11-б сынып оқушысы Сатыбалды Диана - аудандық "Айбергенов әлемі" байқауының І орын  иегері атанды. Пән мұғалімі - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Курбанбаева Бахтыгул Хабитовна. Құттықтаймыз!!! Алар асуың көп болсын, Дианажан!

Төлеген Айбергеновке! 

Төлегенім, жырлайтын бір бақытым.
“Көктемді”оқып тағы да қырға шықтым.
Жеті рудың, Табыны текті елдің,
Рухты ақыны, жақсылық тек тіледің.
 
Сағыныштың жырладың сары қайғысын,
Шах ағаның сағынып жан қайғысын.
Сағынамыз біз де сені дәл өзіңдей
Жоқтығыңа әлі де ешбір сенбей
 
Өткен күннің сағатын уақытын да,
Бағалаймыз барыңды, жақұтын да.
Таңды атырып, тілейміз Ай баласын,
Айдан шығып нұрға тағы айналғансың!
 
“Түсте болсын көрейік”деп бейнеңді
Ай шыққанда іздейміз тек бір сені.
Жақындығың жаныма ай сияқты
Көріп,оқып,ұстай алман жәй сияқты.
 
Әлі де іздеудемін өткен жанды.
Үміт толы арманға күтеді әлі
Сағыныштың самалы еселесе
Шабытымның тұлпары өседі әлі.

Бұл күнде сен биікте, біз жердеміз,
Өзіңіздің жырды оқып есейгенбіз.
Жетер әлі жазғаның , ақын аға,
Болашақ ұрпақ мақтан етер дейміз.
 
Тарихта ойып орның қалады, аға!
Қанатын қайта-қайта қағады да,
Аз күндердің мазмұнына айналам деп
Жырларың шыңдарды асып кетед(і) шыда
 
Поэзияның шыңына шығарамыз
Оқушыңнан,ұстазға қалған жалғыз
Көктемнің құлпырған қыр гүлдерін
Жүректерге жеткізген саған алғыс!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив