Әдістемелік жұмыстар » №24 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№24 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әдістемелік жұмыстар
СҮЙІНШІ!!! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
18
май
2023
СҮЙІНШІ!!! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
СҮЙІНШІ!!!    18 мамыр күні Қонаев қаласы, орта мектеп - гимназия базасында өткен облыстық "Абай Шәкәрім оқулары" байқауына лицейіміздің 9- сынып оқушысы Аманқұл Айдана қатысып, 1- орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Исмагулова Арайлым Бақбергенқызы. Жеңімпаз шәкіртімізді құттықтай отырып, республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!
Облыстық тәжірибелік сұхбат алаңы
17
май
2023
Облыстық тәжірибелік сұхбат алаңы
   17 мамыр күні шетелдерде білім жетілдіру курстарынан өткен, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасып келген педагогтермен ой бөлісу, жаңа мүмкіндіктерді қолданудың заманауи әдіс- тәсілдерімен тәжірибе алмасу мақсатында Алматы қаласы, химия- биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен облыстық "Инновациялық тәжірибелер: Эвалюация және жаңа мүмкіндіктер" тақырыбындағы тәжірибелік сқхбат алаңына лицейіміздің халықаралық конференция, көрмелерде тәжірибе алмасып келген мұғалімдері
"Ең белсенді мектеп" номинациясы
11
май
2023
"Ең белсенді мектеп" номинациясы
   "ӨРЛЕУ" БАҰО-ның ұйымдастыруымен болған республикалық "Абай" пәндік олимпиадасында "ЕҢ БЕЛСЕНДІ МЕКТЕП" номинациясымен марапатталдық! №24 лицей ұжымын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 
Мың алғыс саған, Мөлдір бұлақ!
10
май
2023
Мың алғыс саған, Мөлдір бұлақ!
   Біздің лицейіміздің оқушылары ай сайын шығатын жас зиялыларға арналған әдеби-көркем, танымдық журнал «Мөлдір бұлақтың» тұрақты оқырмандары. Қазақстан Республикасына кең танымал, сапалы, мағлұматқа толы танымдық басылымды біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз үзбей оқиды. Балаларды алғыр, жан-жақты етіп тәрбиелеуге, бос уақыттарын пайдалы етіп өткізуге көмектесіп жүрген «Мөлдір бұлақ» журналына алғысымызды білдіреміз! №24 лицейдің қосымша білім беру педагогі: Ш.А.Калауатовна
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
04
май
2023
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
   I Республикалық Білім орталығының ұйымдастыруымен болған пәндік олимпиадасында математика пәнінен 1 "В" сынып оқушысы Тлеулесқызы Айым І дәрежелі дипломды иеленді. Жетекшісі: Саимбетова Шынар Еркиновна. Құттықтаймыз!!! 
"Ғылым күні" онкүндігі аясындағы дөңгелек үстел
18
апрель
2023
"Ғылым күні" онкүндігі аясындағы дөңгелек үстел
   18 сәуір күні "Ғылым күні" онкүндігі аясында тарих пәнінің мұғалімдері Ж.А. Елибаева мен А.С. Арипжанованың ұйымдастыруымен мектеп оқушыларын зерттеушілік жұмыстарға бейімдеудің тәжірибелік жолдарымен таныстыру, көпшілік назарына ұсыну, жас мамандарға көмек көрсету мақсатында «Оқушыны ең үздік ғылыми зерттеуге бейімдеу» тақырыбында жас мамандармен дөңгелек үстел өткізілді. Жас мамандармен арнайы бағдарға оқыту тәсілінің негізінде зерттеуші балалар мен оқушыларға тәжірибелік көмек көрсету
"Ғылымға апарар жол" тақырыбындағы кітап көрмесі
12
апрель
2023
"Ғылымға апарар жол" тақырыбындағы кітап көрмесі
  Лицей кітапханасында "Ғылым" онкүндігі іс- шара жоспары аясында  12 сәуір - Ғылым қызметкерлері күніне орайластырылып «Ғылымға апарар жол» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғылым туралы берілген кітаптар мен журнал беттеріндегі ғылымға  байланысты  материалдар қойылды. Оқушылардың  жан-жақты дамуына, өз беттерінше  оқып ізденуіне ықпал жасау мақсатында, журнал беттеріндегі ғылымға  байланысты  материалдарға шолу жасалды.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша  "Дермене" повесі
11
апрель
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша "Дермене" повесі
   11 сәуір күні "Ғылым күні" онкүндігінің іс- шара жоспары негізінде лицей кітапханашысы С.О.Абилкасованың ұйымдастыруымен  Д.Исабековтың «Дермене» повесі бойынша талдау жұмыстары арқылы шығарманың көтерген негізгі проблематикасын айқындап, ойталқы негізінде оқушылардың өзіндік көзқарастарын, ұстанымдарын қалыптастыру және кейіпкерлердің іс-әрекетін сараптау арқылы ізгілікке тәрбелеу мақсатында талдау ұйымдастырылды. Қазақтың көрнекті жазушысы Дулат Исабековтың қай уақытта да күн тәртібінен
"Ғылым күні" онкүндігі
10
апрель
2023
"Ғылым күні" онкүндігі
   Ағымдағы жылдың 10 сәуірі күні "Ғылым күні" онкүндігінің ашылуы өткізілді. 10-20 сәуір аралығына жоспар жасалып, түрлі іс- шаралар қамтылды. Жоспар аясында "Жас ғалым" челленджі өткізілді.  [video=|https://www.instagram.com/reel/CrkDWWTofg5/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==]
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
10
апрель
2023
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
   11-б сынып оқушысы Сатыбалды Диана - аудандық "Айбергенов әлемі" байқауының І орын  иегері атанды. Пән мұғалімі - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Курбанбаева Бахтыгул Хабитовна. Құттықтаймыз!!! Алар асуың көп болсын, Дианажан! Төлеген Айбергеновке!  Төлегенім, жырлайтын бір бақытым. “Көктемді”оқып тағы да қырға шықтым. Жеті рудың, Табыны текті елдің, Рухты ақыны, жақсылық тек тіледің.   Сағыныштың жырладың сары қайғысын, Шах ағаның сағынып жан қайғысын. Сағынамыз біз де сені дәл