"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясындағы іс- шара » №24 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№24 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясындағы іс- шара
15
апрель
2023

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясындағы іс- шара

   Лицей кітапханасы «Оқуға  құштар мектеп» жобасы бойынша өз жұмысын жалғастыруда. В.И.Железниковтың «Чучело»  шығармасын оқыту арқылы бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге шақыру, адамдық құндылықтарды  жоғары бағалауға бейімдеу мақсатында 5- сынып оқушыларымен талдау болып өтті. Оқушылар «Чучело» шығармасынан түсінгенін қазақ және орыс тілінде мазмұндап берді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, шығармадан түйген ойларын ортаға салды. Шығармадағы Ленаның ұсқынсыз бейнесі, мұғалім мен атасының немере қызына көңіл бөлмеуі, сыныптастарының Ленаны мазақ етуі шара барысында талданды. Әр аталған оқушыларға мінездеме берілді. 
  Сондай-ақ, қазақтың көрнекті жазушысы Дулат Исабековтың қай уақытта да күн тәртібінен түспейтін адамгершілік мәселесін көтерген шығармаларының бірі «Дермене» повесіне 6- сынып оқушыларымен талдау ұйымдастырылды. Шығармада ғұмырының көбінен азы қалған, артындағы бес тұяғының төртеуінен соғыста, соңғысынан қарадай айырылған Тоқсанбай қарт пен немересі Еркеш және ұнамсыз кейіпкер Омашпен жүздестік, салмақты ой түйдік. 
   Ойталқы негізінде оқушылардың өзіндік көзқарастарын, ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шарада кейіпкерлердің іс-әрекеті сарапталды. Жас оқырмандар оқыды, ой түйді. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив