28
ноябрь
2022
Ағылшын тілі кафедрасы әдістемелік онкүндігінің ашылуы
28 қараша күні "Оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін, олардың қабілеті мен тілін дамыту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін бақылау, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ағылшын тілін құрметтеуге үйрету, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту мақсатында "A different language is a different vision of life" тақырыбында ағылшын тілі пәні кафедрасының әдістемелік онкүндігінің ашылуы өткізілді. Жоғары деңгейде дайындалған кафедра ұстаздары онкүндік жоспарымен таныстыра отырып, аудиториямен тартымды жұмыстар жүргізіп, көрермендер қызығушылығын арттырды.