Әдістемелік жұмыстар » №24 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№24 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
декабрь
2019

Әдістемелік жұмыстар

         20 қараща күні 24 лицейде  педагог- зерттеуші қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байдилдаева Мархабат Турдушовна  

6-а сынып оқушыларымен қазақ әдебиеті пәнінен "Абай Құнанбайұлының " Ғылым таппай мақтанба" өлеңі" тақырыбында облыстық online сабақ өткізді. Бұл сабақ Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығымен тұспа тұс келді. Сабақ барысында оқушылар Абай атамыздың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін жатқа айтып, өлеңнің идеясын ашты, сондай-ақ, өлеңде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтап, өзіндік қорытынды жасады. Берілген тапсырмаларды орындай отырып, оқушылар Абайдың адам болу үшін адамзатқа қажетті асыл істерінің пайдасы мен адамның дұшпаны болып табылатын жаман мінездердің зиянының мағынасын аша алды.   Сабақ соңында оқушылар ақыл мен ғылымның қай заманда да өзекті мәселе екендігін, оны игеру үшін талмай еңбектеніп, талаптанып, іздену қажеттігін түсініп, ой түйді. "Ел болашағы - білімді жастардың қолында...,деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап айтқандай, бұл сабақ оқушылардың болашағы үшін өмірлік сабақ алар тәлімі мен тәрбиелік маңызы зор сабақ болды.

















Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив