Біз туралы » Страница 9 » №24 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№24 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Аудандық "Жас маманға әдістемелік көмек" оқыту- семинары
21
октябрь
2022
Аудандық "Жас маманға әдістемелік көмек" оқыту- семинары
 Аудандық білімді дамыту оқу- әдістемелік орталығының әдіскері Еркебұлан Әкімқожаұлының ұйымдастыруымен аудан мектептерінің жас мамандарына арналған "Жас маманға әдістемелік көмек" тақырыбында өткен аудандық оқыту- семинарында лицейіміздің педагог- зерттеуші қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рыскүл Байжұмақызы "ҚМЖ жасау үлгісі" тақырыбында егжей- тегжейлі түсіндіріп, кеңінен ақпарат берді. Бұл оқыту- семинарына лицей жас мамандары да қатысты.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
20
октябрь
2022
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
"I MEDIA GROUP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен Хабар арнасында өткен республикалық "DARYN" зияткерлік тележобасына лицейіміздің 11-сынып оқушысы ИСА САҒЫНЫШ қатысып, өзінің білімділігімен финалист атанып, суперфиналға жолдама алды. Сағынышқа суперфиналда сәттілік тілейміз!
Лицейішілік "Лига - 2022"
20
октябрь
2022
Лицейішілік "Лига - 2022"
   20 қазан күні дене шынықтыру пәні кафедрасының ұйымдастыруымен  Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №549 бұйрығына, Алматы облыстық білім басқармасының 2021 жылғы 01 қазандағы мектеп лигаларын құру, мектеп лигалары арасында спорттық шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы ережесі мен Іле аудандық білім бөлімінің 2022 жылғы 08 қыркүйектегі №396-б н/қ бұйрығына сәйкес оқушыларды дене шынықтырумен тұрақты шұғылдануға, спорт түрлеріне тартуға, командалық спорттық
Ұлт  ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы
18
октябрь
2022
Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы
         Ахмет Байтұрсынұлы - халқын ерекше сүйген ұлттың ұлы ұстазы, ағартушы-ұстаз, тілші-ғалым, аудармашы, ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтаушы нағыз патриот тұлға. Ұлт ұстазын ұрпаққа дәріптей, қазақ халқының өмірінде орны айрықша зор тұлға - Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, шығармалары туралы ақпарат бере отырып, оқушылардың бойында адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дамыту.  түсу мақсатында №24 лицейде “Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті
2021- 2022 оқу  жылындағы  ҰБТ  қорытындысының  нәтижесі
10
август
2022
2021- 2022 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысының нәтижесі
Құттықтаймыз!!!  Білімді  шәкірттеріміз  көбейе  берсін!!! 2021- 2022  оқу  жылындағы  ҰБТ  қорытындысының  нәтижесін  ұсынамыз. 
Құттықтаймыз!!!
22
июнь
2022
Құттықтаймыз!!!
        Лицейіміз үшін биылғы оқу жылы қуанышты жаңалыққа толы болды. 2021-2022 оқу жылын 50 оқушы аяқтап, жалпы орта білім туралы аттестаттарын алды. Бір оқушымыз Алдаберген Арайлым Назарбаев университетінің грант иегері атанды. Үш оқушымыз IELTS емтиханын  тапсырды. Олар: Алдаберген Арайлым 6,5 балл,  Бүркітбай Айдана 6,5 балл, Тлектес Жансая  6,0 балл алды @aaylune_ @arayykka @soulseaq  Бұл - лицейіміз үшін үлкен жетістік, үлкен нәтиже. Оқушыларымыздың жоғары жетістікке жетуіне қолдау
"Ғылым - жанып тұрған  шырақ"
13
апрель
2022
"Ғылым - жанып тұрған шырақ"
    "Ғылым күні" апталығының жоспарына сәйкес "Ғылым - жанып тұрған шырақ" тақырыбында лицей оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.Ж.Сыдыкова, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Р. Муканова ғылыми жұмысқа дайындалудың қыр- сыры мен жалпы дайындық кезінде кездесетін кедергілер мен оларды қалай еңсеру жөнінде сұхбат жүргізді. Оқушылар тың ақпараттар алып, өз ойларымен бөлісті. https://www.instagram.com/tv/CctfVw3oOyo/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
"Ғылым  күні" челленджі
12
апрель
2022
"Ғылым күні" челленджі
   Бүгін, яғни 12 сәуір күні "Ғылым күні" апталығының іс-шара жоспарына сәйкес лицейдің ғылыми ізденістегі шәкірттерімен "Ғылым күні" челленджі ұйымдастырылды. Жас ғалымдар ғылыми жобаларымен бөлісіп, ұстаздарына алғысын жеткізді. 
"Ғылым  күні"  апталығының  ашылуы
11
апрель
2022
"Ғылым күні" апталығының ашылуы
     Оқушылардың ғылыми зерттеу, оқу- танымдық жұмыстарын ынталандыру мен лицейдің ғылыми әлеуетін дамыту мақсатында және Іле ауданы бойынша білім бөлімінің 2022 жылғы 01 сәуірдегі №177 б н/қ бұйрығына сәйкес 11 сәуір күні "Ғылым күні" апталығының ашылуы өтті. Онда оқушылар қазақ  елінің  ғалымдарымен  кеңінен  танысып, пікір алысып,  өз  ойларын  ортаға  салды. Сонымен  қатар, ғылыми жобаларға  қатысып  жүрген  оқушылар өз жұмыстарын көрсетіп, таныстырылым  жасады.