Оқушыларға » Страница 5 » №24 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№24 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мамандығым - мақтанышым" бағыт- бағдар кездесуі
03
март
2022
"Мамандығым - мақтанышым" бағыт- бағдар кездесуі
     Бүгін лицей директоры Гүлжан  Жұбайқызының бастамасымен оқушыларға дұрыс бағыт- бағдар беру, мамандық таңдаудағы басты міндет пен оның маңыздылығын түсіндіру мақсатында  «Мамандығым - мақтанышым» такырыбында жас кәсіпкерлер және өз ісінің нағыз мамандары, елі үшін қызмет жасап жүрген азаматтарымыз:  әлемдік деңгейдегі аспаз, кондитер, кәсіпкер Азамат Абдиев Маратұлы мен белгілі Джиу- джитсудан спорт шебері, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы "Sagadat Batyr - QTТ" спорт клубының
Лицейішілік  "Жас  суретші - 2022" байқауы
09
февраль
2022
Лицейішілік "Жас суретші - 2022" байқауы
   Бүгін жоспарға сәйкес "Балалар жылы" аясында жасөспірімдерімізді адамгершілікке, әсемдікке, сұлулыққа, өнер түрлерінің құндылық астарын бағалауға, Отанын сүюге  тәрбиелеу  мақсатында  2-сыныптар арасында "Тәуелсіздікке 30 жыл" тақырыбында лицейішілік "Жас суретші-2022" байқауы өткізілді. Жас суретшілеріміздің туындыларын тамашалаңыздар! 09.02.2022ж.  Қосымша  білім  беру  педагогі  Ш.Е. Саимбетова  [video=|https://www.instagram.com/tv/CZwgBdUoBwl/?igshid=YmMyMTA2M2Y=]
МИФ  пәндері  кафедрасы  апталығының  ашылуы
31
январь
2022
МИФ пәндері кафедрасы апталығының ашылуы
 31 қаңтар күні "Заман талабына сай  озық  технологияны  басшылыққа ала отырып, оқыту тәжірибесін жетілдіріп, педагогикалық құзырлықты  арттыру" мақсатында "Цифрлық әлемге - кемел біліммен" тақырыбында математика, информатика, физика пәндері кафедрасының апталығының ашылуы болып өтті. Ашылуда апталық жоспары таныстырылып, аталған пәндердің қыр- сыры баяндалды. Сонымен қатар, үш пәнді қамтыған  интеллектуалдық ойында оқушылар өз білімдерін ортаға салды. 
Республикалық  "Отан, Отан! Бәрінен  биік  екен!" эссе  байқауының  жеңімпазы
20
декабрь
2021
Республикалық "Отан, Отан! Бәрінен биік екен!" эссе байқауының
     Бүгін 20 желтоқсан күні жас зиялыларға арналған республикалық "Мөлдір бұлақ"- журналының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай "Отан, Отан! Бәрінен биік екен!"  тақырыбында  өткен республикалық эссе байқауына 5-а сынып оқушысы Бақытжан Томирис Абылайқызы қатысып, І орынды  иеленіп,  Дипломмен, бағалы сыйлықпен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Курбанбаева Бахтыгуль Хабитовна. Құттықтаймыз! 
"Birge  oqy"  Елбасы  Академиясының  онлайн  мектебі
25
ноябрь
2021
"Birge oqy" Елбасы Академиясының онлайн мектебі
     2021 жылдың қазан айында Елбасы Академиясы "Birge oqy" онлайн мектебінде белсенділік танытқаны үшін №24 лицейдің 7д-сынып оқушысы Марат Малика Алғыс хат пен телефон қуаттаушы сыйлығына ие болды! Оқушымызды құттықтай отырып, оқуға деген құлшынысың арта берсін демекпіз!
"Мөлдір  бұлақ"  журналының  оқырмандары
22
октябрь
2021
"Мөлдір бұлақ" журналының оқырмандары
         Біздің лицейіміздің оқушылары ай сайын шығатын жас зиялыларға арналған әдеби-көркем, танымдық журнал «Мөлдір бұлақтың» тұрақты оқырмандары. Қазақстан Республикасына кеңінен  тараған, сапалы  әрі  тың мағлұматқа толы танымдық  басылымды біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз үзбей оқиды. Балаларды алғыр, жан-жақты етіп тәрбиелеуге, бос уақыттарын пайдалы етіп өткізуге көмектесіп жүрген «Мөлдір бұлақ» журналына алғысымызды білдіреміз!
Республикалық  "Тәуелсіздік - мәңгілік  елдің  тұғыры" байқауының  жеңімпаздары
06
октябрь
2021
Республикалық "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" байқауының
          27.09- 04.10. күндері аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай қашықтықтан өткізілген "Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры" атты республикалық байқауға  №24 лицейдің  4"В" сынып оқушылары қатысып, "Кемел" өнер- білім орталығы тарапынан І, ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жетекшісі  бастауыш  сынып  мұғалімі Дияс Жанар Ермекқызы
Облыстық "Ұлы  өнертапқыштыққа  алғашқы  қадам" инновациялық идеялар байқауының  жеңімпаздары
27
сентябрь
2021
Облыстық "Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" инновациялық идеялар
     2021  жылдың  27 қыркүйек күні робототехникадан өткен «Ұлы  өнертапқыштыққа  алғашқы  қадам» тақырыбындағы инновациялық идеялардың облыстық байқауында оқушыларымыз Баубек Ахмет пен Тұрдақын Дінмұхамед «Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша «Қоқыс жәшігі» жұмысымен ерекшеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі  информатика пәнінің мұғалімі Әбіл Жәнібек Ералыұлы. Республикалық кезеңге жолдама алған оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
ІІ  Республикалық  "Мен - дарынды  баламын"  байқауының  жеңімпаздары
22
сентябрь
2021
ІІ Республикалық "Мен - дарынды баламын" байқауының жеңімпаздары
     13.09. - 20.09. күндері аралығында оқушылар  арасында онлайн форматта өткізілген ll Республикалық "Мен - дарынды баламын" байқауында  №24 лицейдің 2 "И", 4 "Д" сынып оқушылары қатысып, "Өрлеу Қазақстан" қоғамдық қоры тарапынан І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жетекшісһлері: Арепбаева Алия Курмангалиевна, Әмзеева  Әйгерім  Мансұрханқызы. 
Құттықтаймыз!!!
13
март
2021
Құттықтаймыз!!!
     Бүгін Алматы облысы, Іле ауданы, Н.Тілендиев ауылындағы №26 орта мектебінде 6 бағытта өткен аудандық "Абай оқулары" байқауында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағыты бойынша лицейіміздің  11- в сынып оқушысы Мәлікақын Дамир жүлделі І орынды жеңіп алып, облысқа жолдама алды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Курбанбаева Бахтыгуль Хабитовна. Құттықтаймыз!!! 13.03.2021ж.