01
сентябрь
2021
"Кел, балалар, оқылық!" 1 қыркүйек - білім күні!
Құрметті ұстаздар, ата- аналар және оқушылар! Сіздерді 1 қыркүйек — Білім күні мерекесімен, жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
1 қыркүйек — білім күніне орай № 24 лицейде «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында мерекелік дәстүрлі алғашқы қоңырау іс-шарасы өтті. Салтанатты жиынға 2021-2022 оқу жылында алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушылары, ұстаздар, ата-аналар және арнайы қонақтар қатысты. Лицей бүлдіршіндері өлең шумақтарын арнаса, әнші, биші оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, 1-сынып оқушыларына ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың әдістемелік нұсқаулығы бойынша дайындалған «Әліппе» оқулығы салтанатты түрде табысталды. 2-11- сынып оқушылары сыныптарында «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Жаңа оқу жылының басталуында жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!