07
декабрь
2021
5-6- сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті
7 желтоқсан күні 5-6-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың аудандық кезеңінен оза шапқан аудан мектептерінің 16 жүлдегер оқушылары облыстық кезеңге қатысты. Математика пәні бойынша біздің лицейден 6-сынып оқушысы Қуанышбек Гүлназ қатысты. Жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Ширкитбаева Айымторы Абдухалыковна. Сәттілік тілейміз!

