Дарынды балалар - Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші! ЛИЦЕЙ МАҚТАНЫШТАРЫ! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! » №24 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№24 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дарынды балалар - Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші! ЛИЦЕЙ МАҚТАНЫШТАРЫ! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
28
декабрь
2022

Дарынды балалар - Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші! ЛИЦЕЙ МАҚТАНЫШТАРЫ! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 2022 жылдың 28 желтоқсан күні Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Балалар жылының қорытындысы ретінде өңіріміздегі дарынды балаларға қолдау көрсету мақсатында "Дарынды балалар - Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші" тақырыбында облыс әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлының облыстың дарынды балаларымен кездесуі өтті. Кездесуге халықаралық, республикалық деңгейдегі академиялық білім сайыстарының, өнер, спорт жарыстарының жеңімпаздары атанған 50 дарынды балалар мен талантты жастар шақырылды. Сонымен қатар,  әр жылдардағы халықаралық, республикалық олимпиада жеңімпаздары, Қазақстанның құрама командасының мүшелері, бүгінде еліміздің, облысымыздың олимпиадалық құрама командасы мен олимпиадалық резервінің тренерлері, республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары мен жеңімпаз оқушылардың жетекшілері қатысты. Кездесуде облыс әкімі оқушыларға 100 мың теңгелік сертификат, ата-аналары мен ұстаздарына Алғыс хаттар табыстады. 
  Бұл кездесуге лицейіміздің белсенді оқушылары, республикалық жоба мен байқау жеңімпаздары 11- сынып оқушылары Иса Сағыныш, Еділбай Мирас, 8- сынып оқушысы Мұхтар Еркебұлан да шақырылды. Мирас облыс әкімі кездесуінде жеңімпаздар көрмесін спикер болып жоғары деңгейде жүргізсе, Еркебұлан өзінің робототехникадан "Ақылды жылыжай" жобасын таныстырды. Иса Сағыныш 100 мың теңгелік сертификат иеленіп, ата- аналары мен жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды. Қуаныш құтты болсын! Лицей мәртебесін көтеріп жүрген  шәкірттерімізге, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымызға, оқушыларымызға әрқашан қолдау көрсететін ата- аналарымызға алғысымыз шексіз! 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив