19
апрель
2019
Облыстық "Киелі мекенім - Жетісу" ғылыми жоба байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Бүгін Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алматы облысы мектептерінің 7-9- сынып оқушылары арасында өткен "Киелі мекенім - Жетісу" тақырыбындағы өлкетану ізденіс жұмыстарының облыстық ғылыми жобалар байқауында "География" бағыты бойынша лицейіміздің 7- сынып оқушылары Бейбітқазы Айгерім мен Ақынтаева Жанет жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз! 19.04.2019ж.

